«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің»
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)
«Құранға қызмет» қорының басты мақсаты
Ұлы Алланың сөзін жаттайтын зиялы ұрпақ көбейту!
Осы уақытқа дейін Алланың қалауымен ер балаларға арналған қарилар орталығының құрылысын аяқтап бітірдік.
Ал, енді "Айғаным" қыз балаларға арналған медресе туралы қысқаша айтып өтсек.
Не үшін Айғаным деген атты қойдық?
Себебі, бұл кісі Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәли ханның әйелі болған. Тарихи деректерге сүйенсек, бұл кісі Шоқанның білімді тұлға болып өсуіне, мінезінің дерек болып қалыптасуына еңбек сіңірген. Сонымен қатар, Айғаным әжеміз 7-8 тіл білген, әкесінің алдынан діни сауат ашқан. Патша үкіметінің қаражатына мешіт, медреселер салдырған.
Осы деректерге сүйене келе, еліміздің қыздары осы Айғаным әжеміздей болса, сол кісідей тәрбие, білім бере алсақ деп мектеп салғалы жатырмыз.
Айғаным медресесінің ерекшелігі
Оқыту пәндері
Медреседе тек Құран жаттап қоймай, білім жүйесіне шет тілдерін әрі тұлғатану, психология сынды сабақтарды қостық. Бұл орталықты бітірген түлектер, оқуды тек діни жолда жалғастырып қана қоймай, өздерін басқа мамандықта сынап көруді қаласа, мейлінше қолдау ниетіміз бар.
Оқу форматы
Айғаным медресесінің құрылысы аяқталып, қыздарымыз үшін өз есігін ашқан кезде, оқу жылын 3 жылдық форматта етіп, 3 мезгіл тамақ пен жатын орнын тегін ету ниетіміз бар.
Айғаным орталығы құрылысының қанша пайызы аяқталды?
10%
100%
«Алла жолында мал-мүлкін садақа қылғандар жеті дана бас шығарған, әрбір басында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді. Алла дархан, бәрін білуші» (2.Бақара-261).
Осында оқуға ынталы балалардың тұрақты шәкіртақысына
Медресені тұрмыс-жиһаздарымен жабдықтауға
Азық-түлікке
Медресе ішіндегі спорт кешенін жабдықтауға
Оқытушы ұстаздардың жолақысына
Біз туралы
ҚОР ЖАЙЛЫ
ҚОРДЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Тұрсынбаев Асқарбек Абайұлы
«Құранға қызмет» қайырымдылық қоры
2018 жылы Асқар Абайұлы бастаған Алла жолында жүрегі мейірімге толы еріктілер тобымен құрылды.
Қазіргі таңда бірқатар жоба жалғасын тауып, заңды түрде жұмыс жасауда.
Instagram: @asqarbek.abay
1. IQPRO - Білім беру және даму орталығының директор
2. «Quranga.qyzmet» - қайырымдылық қорының негізін қалаушы
3. «Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті» университетінің студенті
4. Полиглот (араб, түрік, парсы, өзбек)
Сұрақ-жауап
Алматы облысы, Қарасай ауданы
Барлық есептемелерді біздің @quranga.qyzmet инстаграм парақшамыздан қадағалап отыра аласыз. Парақшаға сілтеме сайт астында көрсетілген.
Иә. Еріктілер тобы сізге пайдалы орта, жақсы адамдармен таныстық, тұрақты түрде даму мүмкіндігін береді.