«Хатым» сөзін араб тілінен аударсақ – «бітіру», «аяқтау» деген мағынаны береді. Ал фиқһтағы мағынасы «бір кісінің Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып шығуы» деген сөз. Құранды алғашқы бетінен ақырына дейін тапжылмай оқып шығу оңай дүние емес. Ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сәйкесінше, сауабы да мол.