Жалғас Садуахасұлы елуден астам мақалалар мен аударма еңбектері, бірнеше монографиялар мен оқу-әдістемелік құралдарының авторы.
Араб тілінен қазақ тілінде жарық көрген еңбектердің бір қатары:
Ортағасыр мұсылман ойшылдарының араб тіліндегі трактаттары Ибн Рушдтің, Әбу Хамид Ғазалидің «Жан тарбиесі», «Бала тарбиесі», «Аллаға махаббат», «Көркем мінез» сияқты трактаттарын және әл-Фарабидің «Құдай туралы ғылым», «Музыка туралы үлкен кітап», «Кіші силлогизм», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жайында» және т.б. шығармалары аударылып, оларға ғылыми сараптама жасаған.
Сонымен қатар кейбір діни танымдық әдебиеттер тізбегі: «Алла үшін достасу», «Алла үшін жақсы көру», «Таңдамалы сахих хадистер» 1, 2 томдар, «Пайғамбардың (с.ғ.с.) көркем мінезі», «Ораза», «Пайғамбардың (с.ғ.с.) жылаған сәттері» сияқты т.б. еңбектердің авторы. Мемлекеттік «Мәдени мұра» (2004-2011) ғылыми бағдарламасының арнайы жобалары бойынша орындаушысы болған.